Темекі өнімдері қымбаттайды

Ашық дереккөз

Қаржы министрлігі темекі өнімдері құнын өсіру жоспарын өзгертті. 2023 жылдан бастап акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен өседі, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 шілдедегі №135-VII Заң Салық кодексіне темекі өнімдеріне акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен өсіруді көздейтін өзгерістер енгізді. Мөлшерлемелер 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген.

Фильтрі бар темекі:

2023 жылы - 1 000 данаға 14 100 теңге;

2024 жылы - 1 000 данаға 15 900 теңге;

2025 жылы - 1 000 данаға 15 900 теңге.

Сондай-ақ, сигариллаға арналған акциз ставкалары темекі ставкаларына теңестірілген.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін келіден данаға өзгертіп, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

2023 жылы - 1 000 данаға 9 870 теңге;

2024 жылы - 1 000 данаға 11 130 теңге;

2025 жылы - 1 000 данаға 11 130 теңге.

Одан бөлек, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілген.

Электрон сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты:

2023 жылы - сұйықтық миллилитріне 53 теңге;

2024 жылы - сұйықтық миллилитріне 55 теңге;

2025 жылы - сұйықтық миллилитріне 55 теңге.