Қарағанды саяжайларындағы тәртіпсіздік

ғаламтор

Соңғы бірнеше күнде Қарағанды «Оптимист» саяжай қауымдастығында  қаскүнемдердің тәртіпсіздігі орын алған. Белгісіз біреулер ондаған саяжайдың есік-терезесін қиратып кірген. Учаскелеріне барған қарағандылықтар өздерінің саяжайларының бұзылғанын көрген: бір жайлардың есіктері сынған, енді бірінің құлыптары бұзылған, біраз үйдің терезелері қирап, қоршаулары бүлінген. Зиянкестер тіпті кейбір саяжайларды мекендеп тұрғанын да байқауға болады. Ұрланған заттар  бар, бірақ саяжай иелерінің көпшілігі жайларын талқандаған тәртіпсіздікке күйінеді. Шамасы, ұрылар саяжайлардан алатын түк таппай, бәрін бұзып-қиратуға көшкен. Қираған қоршауларды, сынған есіктер мен терезелерді қалпына келтіру үшін көп қаражат қажет болады, - деп хабарлайды Life 09 ақпараттық агенттігі ekaraganda.kz. тілшісіне сілтеме жасап.