Қарағанды шахтасындағы өрт: 227 адамның 182-сі эвакуацияланды

ашық дереккөз

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, өртеніп жатқан «Қазақстан» шахтасынан 182 адам жоғарыға көтеріліп, эвакуацияланды.

Шахтада 227 адам болған. Қазіргі таңда 45 адам қалып отыр.

«17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Аварияны жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен 5 техникасы) және Төтенше жағдайлар департаментінің (8 маманы мен 2 техникасы) 3 бөлімшесі барды», - делінген «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі бұған дейін таратқан хабарламада.