Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус өршіп тұр

Из открытых источников

Өткен тәулікте елімізде 1450 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Науқастар саны бойынша Нұр-Сұлтан (502)  мен Алматы(589) қалалары көш бастап тұр. 443 адам Covid–19-дан жазылып шықты. 2022 жылғы 18 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 539 192 адам, 2 - ші компонентін 9 321 854 адам салдырды. Дәрігерлер қазақстандықтарға бетперде режимін сақтап, адам көп жерде көп жүрмеуге шақырады.