BANNER

Алматыда алдағы уақытта жер сілкінісі болмайды деген ықтималдық 70% – ТЖД

Ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда алдағы уақытта 70% ықтималдықпен жер сілкінісі болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазіргі уақытта Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің афтершогы баяулап  жатыр. Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының мамандары осындай мәлімдеме жасады.

“Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссиясының Кезектен тыс отырыстың қорытындысы бойынша, алдағы күндері Алматы болжау полигонының аумағында магнитудасы 5,6 ал қарқындылығы 7 балл және одан жоғары баллды құрайтын (MSK -64 – сейсмикалық шкаласы бойынша) күшті жер сілкіністері 70% ықтималдықпен болмайды", - делінген хабарламада.