Жапониядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 215 адамға дейін өсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
Бір күн бұрын БАҚ 213 адам қаза тапқанын хабарлаған еді. Жер сілкінісінен 567 адам зардап шекті, тағы 37 адам хабар-ошарсыз кетті.
2024 жылдың 1 қаңтарында Жапонияның батыс жағалауындағы Исикава префектурасының Ното түбегінде бірнеше рет ірі жер сілкіністері болды, олардың ең күштісі 7,6 балл.
Жер сілкінісі елдің бүкіл батыс жағалауында цунами қаупін төндірді. 2011 жылдан бері алғаш рет үлкен цунами қаупі жарияланды. Ал жағалаудағы бірқатар жерлерде цунамидің биіктігі 4,2 метрге жетті.
Сенбі күні жер сілкінісінен 124 сағат өткен соң, осы аймақтағы Сузу қаласындағы қирандылар астынан 90 жастағы әйел аман-есен табылды.