Жерлестеріміз жеңімпаз атанды

Ашық дереккөз

Қызылорда қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат минитрлігінің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мен бірлесіп Қызылорда облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Uly dala saryny» республикалық байқауы өтті. Байқау тәуелсіздік жылдарында қоғамдық қызмет түрлерінде елеулі табысқа қол жеткізген жастарды таныту және мадақтау, сондай-ақ олардың қоғам дамуындағы белсенді іс-қимылдарын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған.

Міне, осы дүбірлі додада облыс намысын қорғаған жастарымыз жеңімпаз атанды. «Жастар үні – 2023» номинациясы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті Гатауллина Зарина, «Үздік өзін-өзі басқару ұйымының басшысы» номинациясы бойынша Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы, волонтерлер ұйымының жетекшісі Мырзанова Ардана жеңіске жетіп, 200 000 теңге сыйақыға ие болды.

 

зарина

Өңіріміздегі жастар қозғалысын дамытуға, бастамаларын қолдап, жүзеге асыруға зор үлес қосып келе жатқан жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, алар асулары, бағындырар белестері көп болғай деген тілек білдіреміз.