Қазақстанда жеке куәліктердің көшірмесін жинауға тыйым салынады

bangkokbook.ru

Сенат депутаттары 30 қарашадағы жалпы отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады. Түзетулердің бірі – жеке куәліктердің көшірмесін жинауға тыйым салу.

Құжат мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектiлерiмен интеграция болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектiнi анықтау мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, заңда көзделген жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесін жинауға және өңдеуге тыйым салуды белгiлейдi.

"Ұлттық мүддені қорғау және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында иммигранттарға жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін ұсыну міндеті енгізіліп жатыр. Ақпаратпен өзара әрекеттесу бағдарламасын жасау арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тетігін енгізу жоспарланып отыр. Цифрлы майнинг қызметін жүзеге асыруға лицензиядан айыру, тоқтата тұру, қайта ресімдеу тәртібі айқындалады. Алаяқтардың әрекетінен қорғау мақсатында жеке тұлғаларға "электронды үкімет" веб-порталы арқылы банктегі несиелер мен микронесиелерді алудан өз еркімен бас тарту құқығы берілген.

Бірінші оқылымдағы түзетулер бойынша сөз сөйлеген сенатор Андрей Лукин кейінгі жылдары елімізде ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіретін оқиғалар жиілеп, күрделі әрі қатер төндіретін формада болғанын атап өтті.