Желіде тағы бір шенеунік әйелін ұрып, қолын кесті деген ақпарат тарады: ол жаңа қызметке де тағайындалған

massaget.kz

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, Жомарт Қаратас 2020 жылы Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген кезінде телефон қуаттағышының сымымен әйелін ұрып, қолын ас үй пышағымен кескен, ал кейін оның әйелі құзырлы органдарға арыз жазған. Артынша шенеунік кешірім сұрап, іс тоқтаған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

“Қаратас Жомарт Мандатұлы азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасу бойынша конкурстық комиссия отырысының шешімімен 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап 3 ай сынақ мерзімімен Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығының директоры лауазымына тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.