19 тамыздағы Қарағанды облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал

ашық дереккөз

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 951 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 118, облыс "жасыл" аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 159 530  жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 19 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 728 023 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,1%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен  66,6%  немесе  680 423  адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 276 927 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын  халықтың  58,3%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 19 тамыздағы мәліметтер бойынша 33 973 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың  68,9%.

Инфекциядан қорғанудың бірден бір жолы COVID–19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу және ревакцинация екенін естен шығармаңыздар!