BANNER

Марста топырақ астынан үлкен мұз табылды

Фото: unsplash.com

Еуропалық ғалымдар Марста жер асты шөгінділерінен үлкен мұзды анықтады, деп хабарлайды "Life09" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қызыл планетаның экваторлық белдеуінен мұз табылған.

Мұз қабаты шамамен 300 метр тереңдікте орналасқан және тау жыныстары, шөгінділермен жабылған. Оның қалыңдығы – 4 километр. Сарапшылар бұл мұздың бүкіл планетаны тереңдігі үш метрге дейінгі мұхитпен қамтуға жеткілікті дейді.



Марста соңғы үш миллиард жыл ішінде лава ағынынан мұз пайда болған. Содан кейін ол жанартау күлінің қалың қабатымен жабылған.