17 маусымда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай отырысы өтеді

Открытый источник

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 17 маусымда, Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді. ИА "Life09" бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын.

Құрылтай барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдерін қамтиды. Мұнда азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеялары ортаға салынады.

Жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған елді. «Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады», - деді Қ.Тоқаев.