«Бұл сайқал саясаткерлердің жаласы». Бекболат Тілеухан мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш жолдады деген мәлімдемеге жауап берді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

«Ақылға сыймайтын нәрсеге ел нанып жатыр екен. Сондықтан мәлімдеме жасаймын. Мен ешқандай бөтен елдің азаматтығына өтініш бергенім жоқ. Қазақстанда екі азаматтыққа тыйым салынған. Көк паспорттан айырылатын ойым жоқ. Бұл сайқал саясаткерлердің жаласы»,— дейді Бекболат Тілеухан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әлеуметтік желіде экс-депутат Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтығын алуға өтініш бергеніне қатысты ақпарат таралды. Бұл туралы  Ulysmedia.kz порталы жазған болатын.

Бекболат Тілеухан аталған порталды жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа беремін деді.