Қарағанды облысында 56 инвестициялық жоба пулы құрылды

Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан

Қарағанды облысында бір жарым трлн теңгеге 56 инвестициялық жоба іске асырылуда. 13 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Облыстың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді.

– Биыл бес жоба іске қосылды. 380-ден астам адам жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін тағы алты жаңа өндіріс ашылады, олардың ішінде тұрмыстық техника мен автомобиль шиналарын шығаратын зауыттар бар. 1900-ден астам қарағандылық жұмыспен қамтамасыз етіледі, – деді облыс әкімі.

Өңірде Saran индустриялық аймағының дамуы жалғасуда. Мұнда инфрақұрылым бойынша жұмыстар аяқталуда. "Сары-Арқа" және Saran өнеркәсіптік аймақтарының аумақтарында болашақ инвесторлар үшін 400 гектарға жуық бос алаң дайындалды.

Осы жылдың 10 айында облыс өнеркәсібінің көлемі 2,8 трлн теңгені құрады.

Үшінші жыл қатарынар өңірді дамытуға жеке инвесторлардың инвестициялары ұлғаюда. Аталған кезеңде облысқа шамамен 641 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 86 %-ы жеке инвестициялар.