Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыластары анықталды

kff.kz

УЕФА-ның Ньон (Швейцария) қаласындағы штаб-пәтерінде футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық сатысының жеребесі тартылды.

Алматылық «Қайрат» В тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) және «Приштина» (Косово).

Ойындар 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Косовоның «Приштина» аренасында өтеді.

Сонымен қатар, басқа топтағы қарсылас атанған командалар да белгілі болды.

А тобы: «Барселона» (Испания), «Этуаль» (Франция), «Эболи» (Италия), «Рига» (Литва)

C тобы: «Спортинг» (Португалия), «Андерлехт» (Бельгия), «Лозница-Град» (Сербия), Халадаш» (Венгрия)

D тобы: «Пальма» (Испания), «Хит» (Украина), «Олмиссум» (Хорватия), «Любава» (Польша)

Элиталық кезеңде әрбір топтан жеңімпаз болған командалар «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алады. Жарыстың аталған межесінде Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталады.

Айта кетсек, «Қайрат» келесі кезеңге өту үшін Испанияның «Пальма» (3:4), Венгрияның «Халадаш» (2:2) және Люксембургтің «Дифферданж» (4:2) командаларымен кездесіп, екінші орын алды.