Геннадий Головкин ең бай 20 боксшының қатарына кірді

vesti.kz

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) ең бай спортшылар қатарында нешінші орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Wealthy Gorilla басылымының хабарлауынша, GGG-дің жиғаны 30 миллион доллар. Осылайша Головкин «ең бай 50 боксшының» тізімінде жиырмасыншы орынға жайғасқан.

Бай боксшылардың көшін америкалық былғары қолғап шебері кіші Флойд Мэйвезер бастап тұр. Оның байлығы 450 миллион доллар. Екінші орында әйгілі Джордж Форман (300), ал үшінші орынға Мэнни Пакьяо (200) жайғасқан.

Алғашқы ондыққа кірген ең бай боксшылардың тізімі төмендегідей:

1. Флойд Мейвезер - $450 миллион

2. Джордж Форман - $300 миллион

3. Мэнни Пакьяо - $200 миллион

4. Оскар Де Ла Хойя - $200 миллион

5. Сауль Альварес - $180 миллион

6. Леннокс Льюис - $140 миллион

7. Шугар Рэй Леонард - $120 миллион

8. Владимир Кличко - $90 миллион

9. Энтони Джошуа - $80 миллион

10. Виталий Кличко - $80 миллион