Канвон-2024: Қазақстандық хоккейшілер қола жүлдеге ие болды

el.kz

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында кезекті жүлде қоржынға түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынған бәсекеде ұлдар құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.

3-орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустриядан 6:5 есебімен басым түсті.

Қазақстан-Аустрия 6:5 (4:1, 1:2, 1:2)

Әзірше IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанда 1 алтын, 2 қола жүлде бар.