Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық боксшы 71 келі салмақта 1/8 финалда түркіменстандық Байрамдұрды Нұрмұхамедовпен сайысқа түсті.
Бірінші раундта Асланбек сауатты жұдырықтаса білді. Қарсыласына соққыны дәл жасап, ұпай қорын молайтты.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан оның жеңісіне күмән келтірмеді.
Екінші және үшінші раундта түрікменстандық боксшының белсенділігі байқалды.
Десе де, жалпы көрсеткіште Асланбек Шымбергенов жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.
Еске салсақ, қазақстандық боксшылардан Валентина Хальзова (75 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Cәкен Бибосынов (51 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі) ширек финалға жолдама алды.
Ал, ел құрамасынан Жайна Шекербекова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Жартылай финалға дейін жеткен бүкіл боксшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болады.