Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде Головкиннен озды

vesti.kz

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әр дивизиондағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Кеңес бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) рейтингтен шығарып тастады.

Бұған спортшының ұзақ уақыт шаршы алаңға шықпауы себеп болуы мүмкін.

Себебі GGG 2022 жылдың қыркүйегінен бастап рингке шықпады. Сол кезде ол Сауль Канело Альвареске (60-2-2, 39 KO) жеңілген еді.

Енді WBC рейтингінің көш басына басқа қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) шықты.

Ол 2-орыннан 1-орынға көтерілді.

Бұл салмақтағы WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) екенін айта кетейік.

Тағы бір қазақстандық суперорта салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) та рейтингтен шығып кетті.

Ол бұған дейін 7-орында болған.

Ол өзінің соңғы жекпе-жегін Головкин-Канело трилогиясының андеркардында өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Нұрсұлтанов BoxRec порталының нұсқасы бойынша салмақ санаттарына (Р4Р) қарамастан Қазақстанның үздік боксшыларының рейтингінде көш бастады.