Нұрдәулет Жұмағали - Азия пара ойындарының екі дүркін жеңімпазы

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ол Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

«Нұрдәулетті осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістерімен қуантуын тілеймін!», - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.