BANNER

Юлия Путинцева Бирмингем турнирін жеңіспен бастады

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған франциялық Клара Бюрельдің осал тұсын тапты.

Бірінші партияда есеп 3:3 болып тұрған кезде Путинцева брейк жасап, 6:3 есебімен алғашқы сетте қарсыласынан басым болды. Екінші партия да отандасымыздың  пайдасына шешілді – 6:4. Осылайша, 2:0 нәтижесімен Путинцева турнирдің келесі айналымына жолдама алды.

Юлия ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 47-орындағы украиналық Ангелина Калининамен шеберлік байқасады.