Кәрім Бензема «Алтын доп» иегері атанды

Ашық дереккөз

Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема "Алтын доп" иегері атанды.

"Реал" капитаны өткен жылы Ла Лигада өткізген 32 матчта 27 гол салып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасында алаңға 12 ррет шығып 15 гол соқты. "Бланкос" сапында Испания біріншілігін жеңсе, Чемпиондар Лигасының финалында "Ливерпульді" ұтты.

Осыған дейін француз футболшыларының ішінде "Алтын допты" Раймон Коп (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан Пьер-Папен (1991) және Зинедин Зидан (1998) алған.