Сәкен Бибосыновтың жеңілісінен кейін Қазақстан IBA-ға арыз түсірді

Ашық дереккөз

Қазақстан бокс федерациясы (IBA) Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлёвтің атына  Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің шешіміне қатысты ресми шағым жолдады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.  

 

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында  Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта 1/16 финал кезеңінде үндістандық Дипак Кумарға төрешілердің шешімімен жеңілген болатын.

“Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз”, – деді Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, қазіргі ережеге сай аппеляция беруге рұқсат етілмейді. Тек жекпе-жекте төрешілер бағасы 3:2 немесе 2:3 болса ғана шешім қайта қаралады.