BANNER

"2 апта күттім": актер Шерхан Пірназар атын заңсыз қолданып жүргендерге ескерту жасады

Фото: Instagram/sherhanpirnazar

Қазақстандық танымал актер Шерхан Пірназар әлдекімдер атын заңсыз қолданып, өз кәсібін жарнамалап жүргенін айтып шүйлікті. Өнер иесі желіде оларға үндеу жасады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі  KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Шерхан Пірназар Instagram-дағы парақшасында видеоүндеу жариялап, атын заңсыз қолданып жүргендерге ескерту жасады. Өнер иесі олардан екі апта бойы хабар ала алмағанын жеткізді. Енді актер әрекетін жасауға кірісетінін ескертті. 

"Осы білім орталығы алаяқ болып шықты. Басшылығынан екі апта болды хабар күттім, енді 2 күннің ішінде хабарласпасаңыздар мен өз әрекетімді жасайтын боламын. Мені пайдаланып ақша табу сән болып кеткен бе? Не болып жатыр? Курс орталығын мүлдем танымайды екенмін. Қойсаңыздаршы", - деді Шерхан Пірназар.