Дарын мен қарым

Ашық дереккөз

Микеланджело - өз заманының ғана емес, барлық заманның, әлемге әйгілі дарынды суретшісі. Оның мүсін өнеріндегі шедеврлері өз алдына. Мүсіндерінде бұлшық ет, қан тамырлар, адам физиологиясы аса шеберлікпен, айнымай жасалынған. Бұл жетістікке суретші өз дарындылығымен қоса, зерттеулері арқылы жеткен. Микеланджело адам физиологиясын жалаңаш тәндерді салу арқылы ғана емес, мәйіттерді зерттеу арқылы да жақсы білген. Ол адам терісін сыпырып, оның астындағы бұлшық ет, сүйектер мен сіңірлердің орналасуын, қалай байланысқаны жайында зерттеулер жүргізген. Бір шіркеу қараушысымен достық қарым - қатынаста болып, ол суретшіге мәйіттер мен оларға зерттеу жүргізетін бір бөлме береді. Ол мұздатқыш жоқ заманда лас, жиіркенішті әрі қорқынышты операцияны Италияда қыс түскенде емін - еркін жасайтын. Ежелгірим, ислам заңдары мәйітті тіліп, ашуға рұқсат бермеген. Мәйітті ашып, зерттеу жүргізу - ортағасырлық Италияда қазіргі заманға дейін жеткен көп туындылардың бірі.

Ақерке Аянқызы