Екінші Республиканы бірге құрамыз - Президент

Ашық дереккөз

Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті

«Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз! Сөз соңында сіздерді алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтаймын», - деді Мемлекет басшысы