Қарағанды облысында "синтетика" есірткі арнасының жолы кесілді

Ашық дереккөз

Қарағанды облыстық полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен "синтетика" есірткі арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізілді. Жедел іс-шара Қарағанды және оған серіктес Теміртаумен Абай қаласында жүргізілді,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы шара кезінде 21 мен 33 жас аралығындағы төрт азамат ұсталды. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің арнайы сайт ашып, синтетикалық есірткіні әлеуметтік желі арқылы сатқаны анықталды. Жедел қызметкерлермен күдіктілердің жалдамалы пәтерлерінің бірінен сатуға дайындап қойған 90 орам ақ түсті ұнтақ заттар тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 603 гр. синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.