2022 жылы қарағандылықтар үшін атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) ресімдеу тәртібі өзгерген жоқ.
Егер 2021 жылдың төртінші тоқсанында тұрғындар АӘК алушылар болмаса, egov.kz порталы арқылы өтініш беру қажет. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы құжаттардың АӘК тағайындау өлшемшарттарына сәйкестігін тексереді. Учаскелік комиссия отбасын материалдық-тұрмыстық тексеру актісін жасайды. Оның нәтижелері бойынша АӘК тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылданады.
Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау 2021 жылдың төртінші тоқсанында алғандар үшін автоматты түрде ұзартылады. АӘК қайта тағайындау үшін отбасының табысын, тұрғылықты жері бойынша тіркелуінің болуын, жылжымайтын мүліктің болуын және т.б. тексереді, егер отбасының құрамы өзгерген жағдайда, өтініш берушіге Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайы бойынша хабарлау қажет. Телефондар: 99-64-02, 99-64-04.
Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша