BANNER

Қарағандыда жаңа балабақша ашылды

Фото: Пресс-служба акимата Карагандинской области

Қарағанды қаласының "Күнгей" шағын ауданында жаңа "Disney 2" балабақшасы іске қосылды. Мұнда бір жастан алты жасқа дейінгі балалар қабылданады.

– Біздің бақша жеке меншік, бірақ мемлекеттік тапсырыс бойынша 44 орын қарастырылған. Бізде үш топ бар. Бұл біздің екінші балабақшамыз. "Күнгейде" көп балалы отбасылар аз емес, бір отбасынан бізге 3–4 бала келеді. Аналар бізден мемлекеттік тапсырыс бойынша орындарды ұлғайтуды сұрайды, – дейді "Disney 1" және "Disney 2" балабақшаларының директоры Болат Шәкірұлы.

Оның айтуынша, жаңа мектепке дейінгі мекемеде 12 адам жұмыс істейді, олардың көпшілігі жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан.

Бақша толық жабдықталған. Онда екі тілде оқыту жүргізіледі. Мұғалімдер мен тәрбиешілер әр баланың жағдайына қарап, икем табуға тырысады. Мұнда балалар логопедпен айналыса алады, ағылшын тілін үйренеді. Таэквондо, хореография және балаларды ерте жастан дамыту үйірмелері жұмыс істейді.

– Біз, Күнгей тұрғындары, бізде балабақша ашылғанын білгенде қуандық. Онда мемлекеттік тапсырыс бойынша орындар бар екендігі керемет. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар үшін көбірек орын болғанын қалаймын, – дейді Жайнагүл Сайкенова.

Барлық сұрақтар бойынша 8-701-167-34-67 нөміріне қоңырау шалуға болады.