BANNER

Қазақстанда кәсіби мерекелер тізбесі жаңартылды

Коллаж: Kazinform/Freepik

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесінің жаңа редакциясын бекітті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңартылған тізімге келесі кәсіби мерекелер енгізілді:

Қазақстандағы қолөнершілер күні — 7 шілде

Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні — 9 шілде

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлері күні — 15 қыркүйек

Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні — 20 қазан

Қазақстан кәсіпкерлері күні — 29 қазан

Сонымен қатар, Энергетиктер күнін атап өту күні өзгертілді. Бұдан былай бұл мереке желтоқсанның үшінші жексенбісінде емес, нақты күнмен — 22 желтоқсанда аталып өтеді.

Бұған қоса, бұрынғыдай кәсіби мерекелер тізбесіне келесі күндер де кіреді:

ҚР Ұлттық ұланы күні — 10 қаңтар

Қаржылық мониторинг органдарының күні — 28 қаңтар

ҚР азаматтық авиация қызметкерлерінің күні — 1 ақпан

Жерге орналастыру, геодезия және картография күні — наурыздың екінші сенбісі

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы қызметкерлерінің күні — 7 сәуір

Геолог күні — сәуірдің бірінші жексенбісі

Ғылым қызметкерлері күні — 12 сәуір

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің күні — 16 сәуір

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі күні — 21 сәуір

Байланыс қызметкерлері күні — 17 мамыр

Метрология қызметкерлері күні — 20 мамыр

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — 21 мамыр

Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — мамырдың соңғы жексенбісі

Эколог күні — 5 маусым

Бәсекелестікті қорғау органы қызметкерлерінің күні — 7 маусым

Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшісі және қызметкері күні — 9 маусым

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні — маусымның екінші жексенбісі

Мал шаруашылығы қызметкерлерінің күні — маусымның екінші жексенбісі

Медицина қызметкерлері күні — маусымның үшінші жексенбісі

Полиция күні — 23 маусым

Мемлекеттік қызметші күні — 23 маусым

Судья және сот қызметкері күні — 24 маусым

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні — 28 маусым

Дипломатиялық қызмет күні — 2 шілде

Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні — 9 шілде

Ветеринария қызметкерлерінің күні — 10 шілде

ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары күні — 13 шілде

Нотариат күні — 14 шілде

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні — шілденің бірінші жексенбісі

Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні — шілденің екінші жексенбісі

Металлург күні — шілденің үшінші жексенбісі

Сауда қызметкерлері күні — шілденің төртінші жексенбісі

Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні — тамыздың бірінші жексенбісі

Құрылысшы күні — тамыздың екінші жексенбісі

Шекарашы күні — 18 тамыз

Кенші күні — тамыздың соңғы жексенбісі

Аңшылық шаруашылығы қызметкері күні — қыркүйектің бірінші сенбісі

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні — қыркүйектің бірінші жексенбісі

Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні — қыркүйектің екінші жексенбісі

Атом саласы қызметкерлерінің күні — 28 қыркүйек

Әділет органдары қызметкерлерінің күні — 30 қыркүйек

Машина жасаушы күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі

ҚР жоғары білім беру қызметкерлерінің күні — 1 қазан

ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні — 2 қазан

Мұғалімдер күні — 5 қазан

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — 6 қазан

Қазақстан кәсіподақтары күні — 10 қазан

Стандарттау қызметкерлерінің күні — 14 қазан

Құтқарушы күні — 19 қазан

Орман шаруашылығы қызметкері күні — қазанның үшінші жексенбісі

Кітапханашы күні — 24 қазан

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі

Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі

Автожол саласы қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі

Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні — 29 қазан

Сыртқы барлау күні — 5 қараша

Статистик күні — 8 қараша

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерінің күні — 10 қараша

Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні — 10 қараша

ҚР қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні — 15 қараша

Бұрғылау шебері күні — қарашаның үшінші сенбісі

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — қарашаның үшінші жексенбісі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні — 18 қараша

Адвокатура күні — 5 желтоқсан

Прокуратура күні — 6 желтоқсан

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні — 13 желтоқсан

ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні — 20 желтоқсан

Мұрағатшы күні — 22 желтоқсан

Жаңартылған бұйрық 2025 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енеді.