Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Ашық дереккөз

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды  Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Мәлік Отарбаев 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы Ақжар ауылында дүниеге келген. 

Еңбек өтілін 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық қатынастар факультетінде зерттеуші-тағылымгер ретінде бастаған. 

2003-2016 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің аспиранты, жауапты хатшы, бас редактор, "Диалог" Еуразия-Қазақстан" журналының бас координаторы, Қазақстан Жазушылар одағының "Қаламгер" журналының бас координаторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.