Мұрат Нұртілеу ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды saryarqanews.kz ақпарат агенттігі.
“Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалсын”, – делінген бұйрықта.
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұған дейін президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарған болатын.