Непалдағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың бірі Қазақстанда тұрған

Ашық дереккөз

Непалдағы ұшақ апатында көз жұмғандар арасында Қазақстанда тұрған әйел бар, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

КТК арнасының хабарлауынша, ол жүкті болған.

Ресей азаматы Елена Бандуро тревел-блогер болған әрі SMM-маманы болып қызмет атқарған.

33 жастағы Бандуро соңғы бірнеше ай Қазақстанда тұрып, қашықтан жұмыс істеген. Кейде жұмыс бабымен шет елдерге ұшқан көрінеді.

Апатқа дейін Бандуро туыстарына өзінің жүктілігі туралы айтыпты. Непалда Елена жұбайы Максимге ұшып бара жатқан. Ал ұшаққа отырмай тұрып әлеуметтік желіде сурет жариялаған.

Еске салсақ, Непалда Yeti Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ жексенбіде Похара қаласының ескі және жаңа әуежайлары арасында апатқа ұшыраған болатын. Бортта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған. Олардың бәрі қаза тапты.