Спам күні

Ашық дереккөз

Бүгін – спамның туған күні. Интернет қолданушылары "спам" деген ұғыммен жақсы таныс. Яғни, бұл – электронды поштаңызға күнбе-күн түсіп жататын көптеген қажетсіз хабарламалар, кейде олар қауіпті болуы да ықтимал. "Спамның" негізін қалаушы DEC компаниясы болып саналады, олар 1978 жылы 3 мамырда өз клиенттеріне 400 "спам" хабарламаны таратқан екен. Осылайша жаңа өнім – мини-компьютерлерді жарнамалақ болыпты. Ал атаудың шығу тегі жайында сөз қозғасақ, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дәмдеуіш қосылып тартылған ет консервілері ағылшынша "спам" деп аталған екен. Сонда бұл мерекені қалай тойлайды дейтін шығарсыздар? Әлбетте, жұрт "спамды" келемеждейтін әзіл-қалжыңдар айтып, желі қолданушылары оларға қарсы күресу үшін күлкілі әдістер ойлап табады.