Сұр түс депрессияның түсі

Ашық дереккөз

Күз келгенде, әсіресе, ауа - райына тәуелді адамдар депрессияға түсіп кетіп жатады. Ондай сәттерде әлем сұрғылт боп кететіні рас. Ғалымдар бұл жағдайды зерттеу үшін тәжірибелер жүргізді. Германиядағы Фрайбург университетінде Лудгер Тебарц ван Елста бастаған ғалымдар тобы депрессияға ұшыраған адам қара мен ақ түстің контрастын байқамай, әлемді сұрғыл түсте көретінін анықтады. Зерттеудің нәтижесі Biological Psychiatry журналында жарияланды.

 Бұл теледидарда берілген бейненің контрастын төмендетіп көрсеткенге ұқсайды. Осы эффекттің айқын болғаны сонша, ғалымдар оның әсерін депрессиянның күшін бағалауға көмектесін сынақ ретінде пайдалануға болатынын және терапияның әдістерін дамытуға көмектесетінін мәлімдеді. Олар сондай - ақ бұл феномен суретшілердің ана тілі, мәдениеті, жасы әртүрлі болғанына қарамастан депрессияны неге біркелкі қара, сұр реңктермен бейнелейтінін түсіндіреді.

 Психологтар депрессиядағы және депрессияға ұшырамаған адамдар тобының көз торының реакциясына талдау жасады. Көздің торлы қабатында жарық сигналын түрлендіріп, жүйкеге хабар жіберетін сезімтал жасушалар бар. Адамдар сол арқылы көру мүмкіндігіне ие болады. Талдау бойынша депрессияға ұшырамаған адамдарға қарағанда депрессиядағы адамдардың торлы қабаты  контрастты аз көрсеткен. Ғалымдар бұны депрессия кезеңінде дофамин гормоны төмендегенінен деп түсіндірді. Дофамин гормоны көздің торлы қабатының дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет.

 Депрессия кезінде көңіл - күй түседі, тәбет өзгереді (тәбет не артады, не жоғалып кетеді), ұйқының бұзылуы, шаршау, жылау, өнімділік төмендеп, өзіне аяушылық сезімдері туындайды.

 Депрессия адамның жандүниесіне ғана әсер етіп қоймай, сүйектердің жағдайына да әсер етеді. Иерусалим Еуразиялық университетінің ғалымдары депрессияға ұшыраған адамдардың сүйек тіндерінде минералды тығыздықтың төмен болатынын айтты. Мамандардың шығарған шешімі бойынша депрессияға ұшыраған адамдар сүйек ауруы - остеопорозға көбірек шалдығады.

 Сонымен қоса депрессия кілегейлі қабаттардағы жараның жазылуына кедергі келтіреді. Осы феноменді зерттеуші ғалымдардың бірі Филипп Маруха  психолгоялық стресс ағзаның қорғаныш күшін әлсіретіп, жарақаттың жазылуын қиындататынын мәлімдеді.

 

Ақерке Аянқызы