«Жігіт сұлтаны» байқауы

Ашық дереккөзі

Қарағанды Республикалық «Жас Ұлан» мектебінде дәстүрлі «Жігіт сұлтаны» байқауы басталды.

1

Екі мәрте Кеңес одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды ​​республикалық «Жас ұлан» мектебінің оқушылары арасында дәстүрлі «Жігіт сұлтаны» байқауының бірінші кезеңі өтті. Сайысқа тоғыз оқушы қатысты.

Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде «Тегімді менің сұрасан. Жеті ата» атты тақырыпта сайысқа қатысушылар өздері және шежірелері туралы әңгімеледі. «Көңілі ояу, көзі ашық» атты екінші кезеңде сайыскерлер Қазақстан тарихы мен географиясы, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша сұрақтарға жауап берді. Үшінші, шешуші кезеңде қатысушылардың әрқайсысына ситуациялық тапсырма берілді.

«Жас ұлан» мектебінің оқушылары үшін «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысу - абыройлы, білімділікті, жауапкершілікті талап ететін және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды қадам.

 - Әрқайсымыз үшін бұл - ең маңызды жарыстардың бірі. Біз бірнеше іріктеу кезеңінен өттік, әрқайсымыз жеңіске лайықпыз. Қарсыластарға сәттілік тілеймін, - дейді шараға қатысушы Шыңғыс Шайхолла.

Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, 9 сайыскердің бесеуі финалға шықты. Сайыскерлер номинациялар бойынша дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Жігіт сұлтаны – 2024» байқауының жеңімпазы мамыр айында анықталады. Байқаудың мақсаты – тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін ашу, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени мұраларын зерделеу, эстетикалық және адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.