Бір тәулікте 3095 адамнан коронавирус анықталды

Из открытых источников

29 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 24 285 адам індеттен емделіп жатыр, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап.

1 490 пациент стационарда, 22 795 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында

  • 36 адамның жағдайы ауыр;
  • 12 адамның денсаулығы өте ауыр;
  • 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана тұр. Басқа облыстар мен қалалар «жасыл» аймақта.