BANNER

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтіп жатыр

ашық дереккөз

Халықаралық іс-шараның басты қонақтарының бірі – Рим Папасы Франциск, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Қазинформға сілтеме жасап.

Съезге 50 мемлекеттен ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндері өкілдерінен тұратын 100-ге жуық делегация келген. Аталмыш шара екі күнге созылады.

Жиынның басты қонақтары – Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф.

Жаһандық деңгейдегі  шарада "Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі", "Діндердің қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы рөлі", "Білім мен діни ағартудың діндер мен мәдениеттердің сыйластықта қатар өмір сүру және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі" атты тақырыптар талқыланады.

Бүгін мыңдаған католик дінін ұстанушылар, соның ішінде Қазақстан астанасына келетін қажылар үшін дұға (Қасиетті месса) жасау рәсімін өткізеді. Оған 3 мыңға жуық адам қатыспақ.

Сонымен қатар, осы күні VII Съездің қорытынды құжаты – Декларацияны жария ету жоспарланып отыр.