Бекболат Тілеухан: «Елорданың Нұр-Сұлтан аталуы – тарихи әділеттілік»

ашық дереккөз

Кейінгі кезде есімі даудан арылмаған атышулы экс-депутат елордаға бұрынғы атауын қайтару идеясына қарсы шықты. Бекболат Тілеуханов әсіресе күні кеше ғана Тұңғыш Президенттің көзіне қалай түсерін білмей жүрген шенеуніктерді сынға алды.

«Қапияда жол тапқан, қараңғыда ел тапқан, айласы алды он болған Назарбаев орыс орманмен де, басқамен де, қытайдың тілін тауып, шекара шегендегені есімізден шығып кеткені қалай? Қандастарды тарихи Отанына қайтарған, қазақтан басқа қандай ел бар еді? Миллионнан астам қазақ еліне, Қазақияға қайта оралды. Қара шаңыраққа қайтарған кім? Назарбаев! Орысы қайысқан солтүстікке қазақты әкелудің қандай бір саяси тәсілін тапты? Ол да бір бейне есімізден шығып кеткендей»,–деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан үшін жасаған жұмыстарын бірінен кейін бірін тізіп берген экс-депутат елорданың Нұр-Сұлтан аталуы – тарихи әділеттілік деп санайды. Алайда оқырмандар: «Назарбаевтың абыройына араша түсуабыройсыз іс» деген пікір білдірді.