Болат Назарбаев хәл үстінде жатыр

Экспресс К

Дәрігерлердің сөзінше, түрлі созылмалы дерті бар Болат Назарбаевтың жағдайы мүшкіл, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталы  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Редакцияға келіп түскен фото-видео материалға қарағанда, Болат Назарбаев Алматыда немесе Алматы облысында. Инсайдердің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі қатерлі ісік (Рак-ред) ауруына шалдыққан. Дәрігерлердің сөзінше, түрлі созылмалы дерті бар Болат Назарбаевтың жағдайы мүшкіл.

Сайтымызға ақпарат берушінің айтуынша, Болат Назарбаев бұған дейін Германия, Израильде ем алған. Сол уақыттарда дәрегілерлер қарсы болса да, оны Қазақстанға алып келген. Ақпар берушілер кейінгі кездері Болат Назарбаев кәсібіне, айналасындағы адамдардың әрекетіне араласпаған.