Қазақстан тұңғыш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында «алтын» медаль алды

ашық дереккөз

Орегонда (АҚШ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілермен жүгіру жарысының финалы өтті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

 Жарыстың негізгі фавориттерінің бірі Қазақстан өкілі Нора Джеруто болды. Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтыны» болды.

Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды. Бұған дейін біліктілік жарысында да Джеруто 9:01.54 уақытымен үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған еді.