БҰЛ ЖЕРГЕ БАРҒАН АДАМ БАЙ БОЛАДЫ

ашық дереккөз

Қазақ мемлекетінің тарихында ел басқару ісіндегі билер жүйесі өте ерекше құбылыс. Билер жүйесі  халықтың қалыптасуына, ой санасына, тіршілігіне, әлеуметіне және мәдениетінің өсуіне зор ықпал етті, ел басқару ісінде үлгі өнеге көрсетті. Солардың ішінде Қазақ мемлекетінің ішкі билігіне де, сыртқы саясатына да өлшеусіз еңбек сіңірген Қаздауысты Қазы­бек би. Қазыбек бидің айтқандарын, тура билігі мен батырлығын білмейтін қазақ жоқ шығар. Бүгін біз тірісінде-ақ әулие атанған бабамыздың өмірінің соңында орын алған ғажайыптар жайлы айтатын боламыз.

Орта жүздің бас биі өмірден өткенін естіген Абылай хан, Қазыбек биді Түркістанға жерлеуді тапсырған. Айта кетейік, ол кезеңде Тұранның төріне кез келген адамды жерлемеген. Тек елге еңбегі сіңген, абыройлы адамдар ғана сол жерден мәңгі тұрағын тапқан.