Электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін

Ашық дереккөз

Келесі жылдан бастап Қазақстандағы станцияларды күрделі жөндеуден өткізу үшін электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін. Бұл туралы «LIFE09» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған энергетика министрінің бұйрық-жобасында көрсетілген.

Құжатта 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге болатыны жазылған.

"2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1215 теңге/МВт болуы тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", - делінген құжатта.

Бұйрық 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.