20 млрд долларлық байлықпен 1708 жылы суға батып кеткен кемені жағалауға шығармақ

businesstoday.in

 

Колумбияда құны 20 млрд доллар болатын байлығымен су түбіне кеткен кемені жағалауға шығаруға талпынып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Kazinform-ның жазуынша, испаниялық Сан-Хосе галеоны құны 20 млрд доллар болатын алтын, күміс және асыл тастарды тасымалдаған.

Енді үш ғасыр бойына 20 млрд долларлық байлықпен су түбінде жатқан кеменің кімге тиесілі екенін табу заң саласының мамандарына жүктелгелі тұр.

Ел президенті Густаво Петро Сан-Хосе галеонын Кариб теңізінен мүмкіндігінше жылдам шығаруды тапсырып отыр, деп хабарлады елдің Мәдениет министрі Bloomberg агенттігіне.

Ол испан флотының 62 зеңбірегі бар 3 мачталы галеонын өзінің президенттік мерзімі аяқталғаша, яғни 2026 жылға дейін жағалауға шығаруды мақсат етіп отыр. Ол үшін президент мемлекеттің және жеке капиталды біріктіретін кәсіпорын құрып, істі соңына дейін жеткізуді көздеп отыр.

«Бұл президент әкімшілігінің басым мақсаттарының бірі»,-деді ол.

Құрамыда 600 экипажы бар Сан-Хосе галеоны 1708 жылы 8 июльде британиялықтармен испан мұрасы үшін соғыс кезінде батып кеткен. Ұзақ жылдар бойы теңіз түбіндегі қазына аңыз болып келген. Өйткені оның нақты қай жерде жатқаны белгісіз еді.

Су түбінде жатқан кеме 2015 жылы табылып, суретке түсірілген.