Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек көрсетіледі

фото: ekaraganda.kz.

Қарағанды облысының әкімі шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі eкaraganda.кz. сайтына сілтеме жасап.

Өңір журналистерімен өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қалай қолдау жасалатыны туралы есеп берді. Барлық отбасылар қаза балғандарды жерлеу рәсіміне мемлекеттен біржолғы төлем алды, сондай-ақ отбасыларға асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар, отбасылар 10 жылдық жалақы мен жаңа баспана алады.  

«Бүгінде 46 отбасы БЖЗҚ – дан жерлеуге біржолғы төлем құжаттарын ресімдеді, 42 отбасыға төлем төленді, қалғандарына төлем беру жалғасуда. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар, қаза тапқан кеншілердің отбасыларына тағы бір қолдау болады. Мемлекет басшысы орындалуға тиісті нақты тапсырмалар берді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тарапынан 41-ші отбасыға 10 жылдық жалақы төленді. Қаза тапқан кеншілер мен олардың жұбайларының, ата-аналарының, балаларының несиелері өтелді. Сондай-ақ, компания әр отбасы мүшесіне кемінде 18 шаршы метр пайдалы алаң есебінен пәтер сатып алуға міндеттенеді. Сақтандыру төлемдері, 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарындағы балалардың оқу ақысы қараша айынан бастап төлене бастайды», - деді Бөлекпаев.

Сондай-ақ, Бөлекпаев зардап шеккен 10 кенші медициналық мекемелерде әлі де бақылауда, олардың жағдайы орташа және жеңіл дәрежеде екенін айтты. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Костенко атындағы шахтада өрт шығып, метан жарылды. 46 кенші жер бетіне шықпады. Олардың барлығы қайтыс болды.