BANNER

Алматыда 19 жастағы қыздың денесі табылды

pixabay.com

Мегаполистегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінен 19 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 27 наурыз күні Алмалы ауданындағы "Кәусар" тұрғын үй кешенінде болған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, - деді Салтанат Әзірбек.