Елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өсті

syrboyi.kz

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ке артты, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

"Еңбекақыны көтеру – су шаруашылығы саласында жұмыс істеуді тартымды ету қадамдарының бірі. Әрине, салада жүрген мамандарды ұстап қалып қана қоймай, оларды қажетті дайындықпен, заманауи дағдылармен және біліммен қамтамасыз ету қажет. Министрлік бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатыр", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұдан бөлек, министрлік отандық су саласының кадрлық әлеуетін жақсарту үшін су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.