BANNER

Шерзаттың ісіне қатысты жаңа адвокаттар қосылды

pixabay.com

Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі бойынша жәбірленушілердің құқығын қорғайтын жаңа құрам белгілі болды, - деп хабарлайды Life09  ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы қоғам белсендісі Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, алғашқы сот отырысы сәуірдің ортасында өтеді.

«Шерзат ісіне қатысты алғашқы ақпаратты беруді жөн көрдім. Қаржаубайдың отбасы менің заңгерлік компанияма сенімхат берді. Өз кезегінде мен мықты, кәсіби адвокаттардан тұратын тобымды құрдым», - деді адвокат Мейірман Шекеев.

Жаңа құрамда адвокаттар Мейірман Шекеев, Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, заңгер Нұрболат Ибраев, Бағдат Амандосұлы бар.

Еске салайық, бұған дейін Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қорғаушы Айтбек Амангелдінің көмегінен бас тартқан еді.