Гарвард университетінің басшысы қызметінен кетті

kaz.inform.kz

Гарвард университетінің президенті Клодин Гэй Конгресс жиыны кезінде антисемитизм туралы сұрақтарға берген жауабына, сондай-ақ плагиат жайлы айыптаудан кейін отставкаға кетті. Life09 ақпарат агенттігі бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Соңғы апталарда Клаудин Гэйге қысым күшейіп, бұл оның қызметтен кетуіне әкелді.

Ол өзінің отставкасы туралы жариялаған хатында қызметтен кетуі университеттің мүддесі үшін екенін айтты.

«Мен жеккөрушілікке және ғылыми дәлдікке қарсы тұруға міндеттемем күмән тудырғанына қатты мұңайдым», — деді ол.

Айтуынша, бұл шешімге келу оңай болмаған.

«Оның үстіне, бұл — сөзбен жеткізу мүмкін емес өте қиын жағдай», — деп жазды доктор Гэй.

Ол отставкаға кетуі Гарвардқа оны емес, өзін институт ретінде қорғауға мүмкіндік беретінін қосып өтті.

Гэй отставка туралы хатында оған жеке қоқан-лоққы көрсетілгенін, «нәсілдік жақтырмауға» ұшырағанын жеткізді.

Университеттің басқару органы Гарвард корпорациясының мәлімдеуінше, доктор Гэй бұрынғы академиялық қызметіне оралады.