2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады?

Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке қол қойды, деп хабарлайды LIFE09 АА.

 

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

 

ең төменгі жалақы 85 мың теңге;

 

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 мың теңге;

 

зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 мың теңге;

 

айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;

 

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 мың теңгені құрайды.